$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада 8 оқушы менингитпен ауруханаға түсті

AstanaTV
18.10.2018ж. 20:00
2512
Астанада 8 оқушы менингитпен ауруханаға түсті

Астанада 8 оқушы менингит күдігімен ауруханаға түсті. Төртеуінің диагнозы расталған. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті осылай деп хабарлайды. Бір баладан басқасының жағдайы бірқалыпты. Оқушылар 5-16 қазан аралығында әр түрлі мектептен түскен. Маусымдық вирус-серозды менингит деп аталады. Ол мамыр мен қазан айларында тарайды. Белгілері: ыстық көтерілу, дененің құрысуы, бұлшық еттердің тырысуы. Санитарлар вирустың алдын алу үшін, бірініші кезекте жеке гигиенаны сақтауға шақырды. Коғамдық орындарда тамақтануды шектеу, жеміс-жидектің өзін жақсылап жуып-шаю керегін айтады. Сырқаттан дәрігердің бақылауымен 10 күнде емделіп шығады. Өз бетімен емделсе, ауру дендеп кетуі мүмкін. 

Сарқыт БЕЙСЕНОВА, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Анықтама бойынша биыл 9 айда Астана қаласы бойынша 196 жағдай тіркелді. Оның ішінде 85 оқушы. Бәрінің нәтижелері қолайлы аяқталды.  

М. Дюсекина