Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Таразда су жаңа салынған 3 көпқабатты үйде жылу жоқ

AstanaTV
19.10.2018ж. 20:00
2495
Таразда су жаңа салынған 3 көпқабатты үйде жылу жоқ

Ал, тараздық тұрғындар қазанның қара суығында жылуы жоқ үйлерінде дірдектеп отыр. «Арай» алқабында мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтерген әр қайсысы 80 пәтерлі 3 көп қабатты үйде жылу жоқ. Тұрғындардың айтуынша, жылыту маусымы басталғалы бері жауаптылар олардың жанайқайына жауап бермеген. Пәтер ішінде тон киген тұрғындармен Данияр Әлімқұл тілдесіп қайтты.  

Тұрғындар бұл баспананы былтыр желтоқсанда иеленіпті. Бірақ, мұндай проблема болмаған. «Арай» алқабындағы үш бірдей 12 қабатты үйлерге биыл жылу қосылмаған.  

Аида ТҰРМАХАНБЕТОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:   

Ипотекаға алдық, ай сайын 58 мың төлейміз «Тұрғын үй жинақ банкіне». Төлейміз, ал бірақ жылу жоқ. 13 млн теңгеге алдық 17 жылға. Салқын болып тұр, менде бұрыштағы үй болғандықтан, ертең ол көгереді.

Нұрлан БАЙЖІГІТ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Кеше мердігерлермен түскенбіз жертөлеге. Барып көрдік, ол бізге системаны түсіндірді. Ол жаққа крестовик деген труба қояды, соны «ТЭО» қысым қатты болмас үшін, бұғаттап тастаған ба сондай, ыстықтың қысымын реттеу үшін, эконом жасау үшін.

Бұл үйлер мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтергендіктен, тұрғындарының да басым бөлігі тұрмысы төмен отбасылар. Әрі мүмкіндігі шектеулі азаматтармен, көп балалы және жетім-жесір жандарға берілген. Күйеуі екеуі балалар үйінде өскен Татьяна Камарова да 2 баласы тоңып жатқандықтан тон кигізуге тура келді,-дейді.    

Бұқара жылуға жауапты мекеме базынамызға бас ауыртып жатқан жоқ,-дейді. Ал, қаланы жылумен жарылқайтын қазандық иелері шу шығаруға негіз жоқ деп отыр. Өйткені, қазір дала жай ғана қара суық болғандықтан, жылу төменгі температурамен ғана таратылып жатыр деп жұбатты. Әрі пәтердегі құбырлардың ауасы шығарылмаған деп отыр.  

Үркер ЖОЛДЫБАЕВ, «ТАРАЗ ТРАНС ЭНЕРГО» МКК ӨНДІРІСТІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Мына жерде үйдің кінәсі болып тұр. Ауа тұр. Ауа тұрған соң ол су көтірілмейді. Мысалы, бүгін барғанда үстіңгі қабаттың ауасын шығарғанда ауасы шығып жатыр. Сол ауаны толық шығару керек.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ, ТІЛШІ: 

Бұқара жылуға жауапты мекеменің уәжімен келіспейді. Өйткені, арнайы сантехникті шақыртсақ та жылу құбырларының тілін таппады деп отыр.

Д. Әлімқұл