Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағанды облысында босана сала қайтыс болған әйелге қатысты дәрігерлер түсінік берді

AstanaTV
19.10.2018ж. 20:00
2334
Қарағанды облысында босана сала қайтыс болған әйелге қатысты дәрігерлер түсінік берді

Қарағанды облысында босанған соң қайтыс болған әйел сирек кездесетін дерттен көз жұмған. Бұл туралы бүгін облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің өкілдері арнайы брифингте мәлімдеді.  

Ольга СМИРНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ:  

Тексеру кезінде ұйымдастыру, емдеу-диагностика жасау кезінде бірқатар олқылықтар болғаны анықталды. Медицина қызметкерлері құжаттарды да дұрыс толтырмаған. 

Гүлбан МАМАЛИНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ұйымдастыру кезінде қателіктер кеткенімен олар бұл жағдайға себеп бола алмайды. Құрсақ суының қан тамырлары арқылы денеге тарауы сирек кездесетін жағдай. Әлемдік статистиска бойынша 20 мың әйел босанатын болса, солардың біреуінде ғана кездеседі. 

Қайғылы жағдай қазанның үші күні Бұқар жырау аудандық ауруханасында болған. Ботақара кентінің тұрғынының құрсағынан су кеткенін анықтаған жергілікті дәрігерлер дереу кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбиі өлі туған, ал әйел 6 сағаттан соң қайтыс болған. Дәрігерлерге «медицина және фармацевтика қызметкерлерінің өз міндеттерін дұрыс орындамауы» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Дәрігерлер алдын ала болжам бойынша науқасқа қан және арнайы қондырғы сараптамалары да жасалмаған деп отыр.  

А. Қуаш