$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда аты дауға айналған сауда павильондары сүріле бастады

AstanaTV
23.10.2018ж. 20:00
2707
Қызылжарда аты дауға айналған сауда павильондары сүріле бастады

Қызылжарда сауда дүңгіршектері сүріле бастады. Олардың иелері мен қалалық әкімдік арасындағы дау қаңтар айында басталған. Шенеуніктер Интернационал көшесінің бойындағы сауда павильондары қызыл сызыққа шығып тұр деп оларды алып тастауды шешкен. Алайда, 30 кәсіпкер бұған қарсы шықты. Ақыры тараптар соттасып, әкімдік жеңген. Енді билік жерді жалға алып отырған 24 кәсіпкерден оны тәркілемек. Қалған алты кәсіпкерге өтемақы төленеді. Алайда, олар бас тартып отыр. Тек бір-ақ бизнесмен билікпен мәмлеге келді. Кәсіпкер меншігіндегі 12 сауда нүктесі үшін 3 миллион теңгеден өтемақы алды. Қалғандары, қайтпаймыз деп отыр.  

Олег ХРУПИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Біз бірінші инстанция сотының шешімімен келіспей отырмыз. Шешімді аппеляцияға бердік. Онда жеңіліс тапсақ, жоғарғы сотқа жүгінеміз. 

А. Курманкин