Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Партиялық бақылау қызметі алғаш рет азаматтарды қабылдады

AstanaTV
23.10.2018ж. 20:00
2914
Партиялық бақылау қызметі алғаш рет азаматтарды қабылдады

«Нұр Отанның» республикалық қоғамдық қабылдау алаңында алғаш рет жеке мәселесімен келген азаматтарды партиялық бақылау қызметінің өкілдері қабылдады. Қызмет басшысы Асан Сағадиев бұл әдісті кішігірім тарихи оқиға деп те атады. Партия өкілдері күн сайын жеке және заңды тұлғалардан түсетін көптеген сұрақтарды қарайды. Ал, адамдармен бетпе-бет жүздесе отырып сөйлесу қоғаммен кері байланыс орнатудың жөні бір бөлек,-деді Сағадиев. Қабылдауға жеті адам жазылған. Ал, өзге қала тұрғындарымен байланыс бейне конференция түрінде өтті. Асан Сағадиевтің сөзінше, өздеріне түскен кейбір сұрақтар партиялық бақылау қызметіне қатысты болмаған. Бірақ, бұл көмек сұрағандардың мәселесін сырып қою деген сөз емес. Азаматтардың көкейіндегі мәселесін мұқият тыңдап шыққан нұротандықтар олардың шешімін тапқанын соңына дейін қадағалайтынын жеткізді.   

Асан САҒАДИЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Біздің салаға қатысты болсын, болмасын барлық түскен сұрақты біз қараймыз. Құзырымызға жатпаған күннің өзінде мәселемен келген азаматтың қайда, кімге баруы керектігін көрсетіп, жол сілтеп жібереміз. Ол біліп кетуі керек сұрағы қайткенде шешілетінін. Президентіміз айтпақшы, мемлекеттік органдар, партия халыққа жақын болуы тиіс. 

А. Төрекбекқызы