Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Адал ұрпақ» аудандық слеті басталды

AstanaTV
26.10.2018ж. 20:00
8412
«Адал ұрпақ» аудандық слеті басталды

Білім ақшаға сатылмайды! Мектеп оқушылары арасындағы «Адал ұрпақ» слеті өтті. Қазір орта білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауға іріктеу өтіп жатыр. Астанадағы №74-ші мектепте бүгін 24 команда сынға түсті.  

Зарина БУРАХАНОВА , «ҚЫЗЫЛ БҮРКІТ» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Біздің қойылымда біз ҰБТ кезінде болатын жағдайдарды көрсеттік. Жалпы, мектепте сыбайлас жемқорлықтың болғаны ол өте жаман. Сол себепті біз сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырамыз. Ақшамен емес, біліммен жеңу керек осыны айтқымыз келді.  

Жемқорлыққа төзбеушілікті мектеп қабырғасынан бастау керек. Өйткені, бүгінгі оқушы, ертеңгі маман. Жастар осы бастан пара, жақсылыққа апармайтынын түсінуі тиіс.  

Алан ИСАҚҰЛ, ҚР МҚІСЖҚА АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

Байқауға қатысу үшін оқушылар осы тақырыпта біраз ізденеді. Бұның өзі жетістік. Жемқорлықтың жазасы бар екенін түсінеді. Бұл іс-шара Елбасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтіп жатыр. Астананың 4 ауданындағы мектептерден оза шапқан командалар қалалық турнирде өзара мықтыны анықтайды.  

Ғ. Қылышбаева