$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Эсктремистік ағымды ұстанған әйелдер саны артқан

AstanaTV
26.10.2018ж. 20:00
2957
Эсктремистік ағымды ұстанған әйелдер саны артқан

Ал, Ақтөбеде биыл 22 оқушы келесі сыныпқа көшпей қалды. Олар діни наным-сенімдеріне байланысты бірыңғай мектеп формасын киюден бас тартқан. Бұл туралы «Орталық Азиядағы аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлері мен қадамдары» атты конференцияда айтылды. Сондай-ақ, әсіресе діншіл 72 қыз бала білім алудан мүлдем бас тартқан. Саясаткер Ерлан Қарин қазіргі уақытта Орталық Азия бойынша 800-ден астам бала қауіпті аймақта,- дейді. Ол қатысушыларды осы мәселеге назар аударуға шақырды. 

Ерлан ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

БҰҰ әлем бойынша эсктремистік ағымды ұстанған әйелдер саны артып кеткенін айтып жатыр. Өсім 15-20 тіпті 30 пайызға дейін жеткен. Лаңкестік ұйымдар әйелдер мен балаларды өз мақсаттары үшін, аяусыз пайдаланады. Таяу Шығыста бұл мәселе тіптен шиеленісіп тұр.

У. Қабылбайұлы