Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Меңгерушісі туберкулезге шалдыққан балабақша карантинге жабылмайды

AstanaTV
26.10.2018ж. 20:00
3460
Меңгерушісі туберкулезге шалдыққан балабақша карантинге жабылмайды

Тап осы Алматыда меңгерушісі туберкулез шалдыққан балабақша карантинге жабылмайды. Өйткені, сырқат «баяу» жұғатын түрінен көрінеді. Санитарлар осылай деп отыр. Бұған дейін қаладағы №144 балабақша меңгерушісі медициналық тексерілу кезінде құрт ауруының ашық түрін шалдыққаны анықталған. Ізінше мекеме басшысы жұмыстан кету туралы арыз жазып, тиісті орынға хабар беріпті. Мұны ести сала ата-аналар дүрліккен. Қазір балабақшадағы өзге қызметкерлер мен балалар шұғыл тексеруден өтіп жатыр. Денсаулығына алаңдаған тұрғындар дәрігерлердің жайбасарлығына наразы. 

Сәнім ІЗБАСАРОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Осындай направлениені алып без очереди барасыздар. Кешеден бері айтып жатыр «біз сіздерге бәрін жасап береміз, Условия болады» деп. Қайда? Жетіден кете келдік. СЭСтан 8-де келеміз деді. Ешкім жоқ. 9-дан кете бірақ келіп отыр. 

Зәуре ӘБІШОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Шуламай-ақ қойыңыздар. Балаларды тексереміз деп. Сосын переживать еттім. Неге бұл постельдерді ауыстырмайды, посудаларды, қол сүртетін сүлгілерді ауыстырмайды. И мен ночью кеп қарасам дизинфекциялары. Залить надо же. А олар просто сүртіп сүртіп қойды.  

Мекемеде 142 бала мен 21 қызметкер бар. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынған. Дегенмен балабақша жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ келушілер саны азайған.  

Дастан ҚАЙРАТҰЛЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

19-і күні түскен арыздан кейін ауруы жұқпалы ма, жұқпалы емес пе анықтау жұмыстары жүргізілді. Міне, кеше кешке бізге меңгеруші туберкулездің жұқпалы түріне шалдыққанын хабарлап отыр. 

О. Нұржақып