$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл 1,1 трлн теңгеге МЖӘ жобалар іске асқан

AstanaTV
29.10.2018ж. 20:00
2448
Биыл 1,1 трлн теңгеге МЖӘ жобалар іске асқан

Биылдыққа 1,1 трлн теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде келісім-шарт жасалған. Барлығы 444 жоба. Бірақ, қырауар қаржының басым бөлігі жеке инвестиция емес, мемлекет қаражаты. Жалпы мұндай схемада қаражат тым құрығанда 50/50 принципімен тартылу керек. Алайда, 800 млрд теңге мемлекет ақшасы, 400 млрд жеке инвестиция дейді депуттар. Ал, әкімдерге жылына 5 жоба іске асыру міндеттелген. Бұл оның рейтнігіне әсер етеді. Содан жанталасқан әкімдер, шын қажетті жобаларды ескермей, сол үйреншікті білім беру саласын айналышықтап жүр. Мәселен, балабақшаларды жекеменшікке беру.  

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында небәрі 9-ақ жоба іске асқан. Су, кәріз құбырлары тозығы жеткен. Жылда айтылады жөндеуге инвестиция тарту керегі. Әлеуметтік салада 4-ақ жоба. Ақпараттық технологияда бірде бір жоба жоқ.

Ал, Омархан Өксікбаев Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің катализаторы - Ұлттық холдингтер болатын дейді. Олар елде жеке бизнесті дамытуға күш салу керек-тін. Бірақ, нақты жобалардың санына әлі де жете алмай отырмыз,-деді. Сондай компанияның бірі сырттан ақша тартып, ақыры ешбір жобаны жаратып іске асыра алмай, қаразын бюджеттен жауып отырғанын айтты.

Омархан ӨКСІКБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "НҰР ОТАН" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:    

Бір «ҚазАгроның» өзі 600 млн еуро әкелді. Сонымен есептесе алмай жыл сайын бюджеттен 200-300 млрд теңге беріп отырмыз. Сонда неге құрдық? Біз «ҚазАгроны» жекемешік персептикавалы объектілерімзді дамытамыз дедік қой... 

М. Дюсекина