Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қалалық спартакиада өтті

AstanaTV
29.10.2018ж. 20:00
2716
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қалалық спартакиада өтті

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қалалық спартакиада өтті. 200-дей азамат 9 спорт түрінен сынға түсті. Биыл бағдарламаға «Бочча» командалық ойыны қосылды. Жаңа спорт түрі тірек-қимыл аппараты бұзылған және сал ауруының ауыр түріне шалдыққандардың да сайыста өнер көрсетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, елімізде «Бочча» параолимпиадалық спорт федерациясы жұмысын бастады. 

Сиязбек ДӘЛИЕВ, ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: 

Мен спортты бастаған кезде мұндай мүмкіндіктер мүлдем болған жоқ. Қазір барлық жағдай жасалып жатыр. Сондықтан, болашақ параолимпиада чемпиондарына айтарым, сайыстағы әрбір сәтті бағалаңыздар.   

«Нұр Отан» партиясы бірнеше жылдан бері «Кедергісіз келешек» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып келе жатыр. Соның бірі-мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бүгінгі спорт сайысы.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау, қорғау біздің партиямыздың негізгі басымдылықтарының бірі. Осы бағытта соңғы жылдары біраз жұмыстар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен де әлі біраз жұмыстар жасалу керек. Сондықтан, Елбасымыз өзінің жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз ортаны қалыптастыруға байланысты нақты тапсырмалар бергенін білесіздер. Сондықтан, Елбасының тапсырмасы аясында біздің партиямыз осы бағыттағы жұмыстарды жандандыратын болады.   

Ғ. Қылышбаева