$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы кепілдікпен босатылды

AstanaTV
29.10.2018ж. 20:00
4169
Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы кепілдікпен босатылды

Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы кепілдікпен босатылды. Сот күдікті Қуатжан Уәлиевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде осындай шешім шығарған. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Алайда, оның не үшін айыпталып жатқаны туралы жарияланбай отыр.  

Ботагөз БАЯНОВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

- Ол қандай айыппен ұсталды?

- Ондай ақпарат біз бермейміз. Себебі, арнайы қылмыстық кодексте қарастырылған бап бар. Тергеп-тексеру органдарының жұмысына біз араласпаймыз. Кейін қылмыстық іс сотқа беріліп жатса, сол кезде бұл қай баппен сотқа берілді сол уақытта ғана толық ақпарат бере аламыз.

26 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлаған. Кейін министрлікке қарасты Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың үй қамауына алынғаны белгілі болды. Ал, бүгін осы іске байланысты брифинг өткізген министрлік өкілдері екеуінің де қазір қызметте жоқ екенін хабарлады. Жауапты хатшы Қуатжан Уәлиев 24 қарашадан бастап 10 күнге ақысыз демалысқа кеткен. Ал, Еренай Дәржібаевтың бірнеше күннен бері жұмыста жоқ. Ал, телефоны сөндірулі екенін айтты.  

Күміс СЕЙІТОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Ресми құжаттар түспегендіктен, біз оны осы себепке байланысты жұмыстан босатуды немесе шектеуді жасай алмаймыз. Сондықтан, бүгінгі күні уақытша жұмыста болмауына байланысты деген формулировкамен оның міндетін басқа адамға жүктеу туралы бұйрық шықты.

А. Бектас