Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Бизнеске банктер арқылы 600 млрд теңге бөлінеді

AstanaTV
31.10.2018ж. 20:00
2187
Бизнеске банктер арқылы 600 млрд теңге бөлінеді

Бизнесті қолдауға банктер арқылы тағы 600 млрд теңге беріледі. Оның тең жартысы Зейнетақы қорынан. Қалғаны Ұлттық банктен. Бұл туралы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев айтты. Қаражат банктерге 11 пайызбен түседі. Олар бизнеске үстінен 5 пайыз қосып 15 пайызбен кредит береді. Ал, бизнестің 7 пайызын мемлекет субсидиялайды. Осылайша, кәсіпкерлерге қарызды 8 пайызбен алуға мүмкіндік бар.  

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:  

Жобалардың әзірлігіне қарай банктер желтоқсан айында қаржы бөлуге дайын. Ұлттық банк биыл 100 млрд теңге бөліп отыр.

Еске салайық, соңғы Жолдауда Президент бизнесті дамыту үшін, банктер арқылы 600 млрд теңге бөлуді тапсырған. Премьердің айтуынша, қазір түрлі салада төрт мың жоба қаражат алуға дайын тұр. Банктер жобалар бойынша талаптарын дайындап болуы тиіс.  

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: 

600 млрд-тың 300-і өңдеу өнеркәсібіне, 200 млрд агроөнеркәсіпке және 100 млрд шағын және орта бизнеске беріледі.

М. Дюсекина