Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Н. Назарбаев Ресей Премьер-министрімен кездесті

AstanaTV
01.11.2018ж. 20:00
2335
Н. Назарбаев Ресей Премьер-министрімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевті қабылдады. Кездесуде тараптар екі мемлекет арасындағы әріптестіктің маңызды тұстарына тоқталды. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық байланысты дамытуда Үкіметтің жоғары рөлін ескеріп, аймақаралық қарым-қатынастың ілгерілеуіне қосқан үлесі үшін Медведевке алғыс білдірді. Ресей Премьері Қазақстанды сенімді әрі маңызды серіктесі санайды және екі ел басшылығы жылына бірнеше рет кездесетініне тоқталып, онсыз іс бітпейтінін айтты. Дмитрий Медведев ертең ТМД елдері үкімет басшыларының отырысына қатысады. Онда бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.  

М. Дюсекина