Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Нұр Отан» партиясының аймақтардағы филиалдары атқарған жұмыстарын пысықтап жатыр

AstanaTV
01.11.2018ж. 20:00
2636
«Нұр Отан» партиясының аймақтардағы филиалдары атқарған жұмыстарын пысықтап жатыр

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Атырау облысы бойынша 2 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты және қоғамдық жұмысқа тартылған. Бұл туралы бүгін партияның аймақтық 28-ші есептік-сайлау конференциясында белгілі болды. Бұдан бөлек, Айти орталықтары мен сыныптарынан 800-ге тарта оқушы бағдарламалау, робототехника дәрісін меңгеріпті. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінгендердің 50 пайызының өтініші оң шешімін тапқан. Партияның Атырау филиалының есебін тыңдаған партия хатшысы Қаныбек Жұмашев Президенттің биылғы табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға қойған міндеттерінің орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу нұротандықтарға жүктеліп отырғанын ескертті.  

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Партиялық жаңғыру бағытында біз жиырмадан астам жаңа жобаларды іске қосқан болатынбыз. Бұл-партиямыздың бастамашыл жобалары. Соларды орындауда да Атырау облыстық филиалы алдыңғы қатарда. Сонымен қатар, конференция аясында Елбасының биылғы қазан айындағы Жолдауы да талқыланды. Жолдауда айтылған көптеген мәселелерге байланысты осы өңірде Атырау облысында да іс шаралар жоспары жасақталған екен. 

«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы да соңғы 2 жылда атқарған істеріне есеп берді. Цифрландыру, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қайта жаңғырту бойынша өңір республикада алдыңғы қатарда деді жиында сөз алғандар. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың айтуынша, аймақта спорт орталықтарының ашылуы халықаралық деңгейдегі турнирлердің өткізілуі жастардың спортқа бет бұруына үлес қосты. 277 ай-ти сынып ашылып, жыл аяғына дейін оның саны 650-ге көбеймек.  

Фархад ҚУАНҒАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Партиялық жобаларды жүзеге асырудағы облыстық партия ұйымының қарқыны, тәжірибесі партия алдындағы жаңа міндеттерді орындайды деген сенімге әкеліп отыр. Бүгінде Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Елбасы айтқан 5 әлеуметтің жоба және партиялық жобаларды жүзеге асыруда жетекші орында. Осының барлығы жаңа тапсырмалардың да сәтті орындалатынына сендіреді. 

Б. Нәдірқызы