Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыдағы «Барахолка» маңында қойманың 3 мың шаршы метр аумағы өртенді

AstanaTV
01.11.2018ж. 20:00
3328
Алматыдағы «Барахолка» маңында қойманың 3 мың шаршы метр аумағы өртенді

Алматыдағы «Барахолка» базар маңында орналасқан тауар сақтайтын қойма өртенді. Тілсіз жау үш мың шаршы метр аумақты күлге айналдырған. Әріптесім Олжас Нұржақып толығырақ айтып берсін.  

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

Өрт түс кезінде басталған. Қоймадан тұтанған жалын, әкімшілік ғимаратты да жарамсыз етті. Төтенше жағдай мамандары оқиға орнына 5 минутта жеткендерін айтады. Бірақ, жалын ол кезде қоймада ғана емес, жанындағы әкімшілік ғимаратқа да жайылып кеткен.

Шағын кәсіпкерлер бұл жерден қойма жалға алып тауарларын сақтап келген. Жанын шүберекке түйіп жеткен мына келіншек 70 миллион теңге шығын көргенін айтты.   

ЗАРДАП ШЕГУШІ: 

Бір жыл болды арендовать еткеніме. Посуда оптовоя проддажа посуды. 70 миллиондай где то приблизительно. Әлі ештеңе көрмедік. Кіргізбей жатыр ғой.

Өртті сөндірушілер жалынмен 4 сағат күресті. Жеке құрамның 72 қызметкері мен 21 техника жұмылдырылған. Абырой болғанда жарақат алғандар жоқ.  

Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Өрттің көлемі болжаммен 2800-3000 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда өрт оқшауланды. Бұл-қоймалар болып саналады. Бұның иесі ИП «Хасанов» болып табылады. Қазір айта алмаймын өрттің ошағын. Қазіргі таңда ол жерде өрт-техникалық лаборотория қызметкерлері жұмыс істеуде. Сондықтан, өрт қайдан шығып қай жаққа ауысуы белгісіз болып тұр.

Әзірге өрттің неден шыққаны, қанша қойма отқа оранғаны және шығын көлемі белгісіз. Нақты мәлімет толық тексеру, тергеу жұмыстары аяқталған кезде белгілі болады дейді, құзырлы орган. Мұндағы жұмысшылардың айтуынша, бір апта бұрын ғана жаңажылдық шыршалар мен өзге де керек заттардан жинақталған сексен вагон тауар түскен. 

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

«Барахолка» маңындағы тілсіз жау бірінші рет тұтанып тұрған жоқ. Осыдан 2 жыл бұрын да атышулы сауда нүктесі қызыл жалынға бірнеше мәрте оранған еді.

О. Нұржақып