Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

ОСК-на сайлау заңдылығының бұзылуына қатысты шағым түскен жоқ

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
1365
ОСК-на сайлау заңдылығының бұзылуына қатысты шағым түскен жоқ

Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңдылығының бұзылуына қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында комиссия төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді.

Қаңтардың 20-нан бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясына 44 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі сайлау заңдылығын түсіндіруге қатысты. Өтініш иелеріне уақытылы жауап берілген. Владимир Фоос өтініштердің қаралу мерзімін де еске салып өтті. Мерзімінен бұрын өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы наурыздың 20-на белгіленген. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттар сайлау 21-ші наурызда өтеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ