Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Отандық компания Қытайдың ірі корпорациясын нарықтан ығыстырды

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1461
Отандық компания Қытайдың ірі корпорациясын нарықтан ығыстырды

Телекоммуникациялық қондырғы шығаратын қазақстандық компания қытайдың ірі корпорациясын нарықтан ығыстырды. Компания күніне сандық телевидениеге арналған 1000 қондырғы шығарады. Алайда елімізде ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс сол нашар күйінде қалып отыр.

Әли Әуезов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зертхана меңгерушісі:

Бізде талай технологиялар жасалды. Жоғарғы сапалы резина, техникалық бұйымдар алу, синтетикалық майлар алу, кулинарлық майлар алу, соған арналған катализаторлар жасалды. Бірақ олардың барлығы өндіріске ендірілген жоқ. Оны сұрап жатқан бізден ешкім де жоқ. Өзіміз барып, мынаны бүйтейік, сөйтейік деп, өндіріс орындарына барып айтамыз. 

Ертең 20.00. «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан Алматыдағы инновациялық технопарк, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс туралы материалды көріңіздер. Мұнан бөлек осы аптада болған Оңтүстік Қазақстан облысындағы бала ұрлау оқиғасына байланысты баланы ертіп әкету қиын еместігін дәлелдейтін эксперимент жайлы көре аласыздар.