Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада студенттер арасында жастар фестивалі басталды

AstanaTV
02.11.2018ж. 20:00
2742
Астанада студенттер арасында жастар фестивалі басталды

Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында елорда колледждерінің студенттері арасында «Жаңа белес» фестивалі бастау алды. Бес күнге жалғасатын шара кезінде қазылар алқасы дарынды жастарды анықтап, олардың бұл бағытта өз шығармашылықтарын дамытуға барынша жағдай жасамақ. Бұрындары мұндай шара тек жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылып келіпті. Ұйымдастырушылар бұл жолы колледж оқушыларын да қатыстыруды жөн санаған. Шараға мұрындық болып отырған Астана әкімдігі, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен «Рухани жаңғыру» жобалық офисі.  

Үкібай НҰРПЕЙІСОВ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Қазір коллеждердің ішінде көптеген жарыстар өтеді. Өздерімен өздері жарысады, бірақ ешқашан бір-бірімен колледжер өзімен жарыспаған. Осы Астана қаласында міне коллеждер бірі-бірімен бірінші рет жарысайын деп отыр.

- Қала деңгейінде? - Қала деңгейінде, болашақта егер осы шараның барысы болатын болса, біз бүгінгі колледждер арасында ұтқандарды студенттік «Жаңа белесте» ұтқан студенттерді бір-бірімен бәсекелестіріп, жарыс ұйымдастыратын боламыз.

Дарынды жастарды анықтауға бағытталған фестиваль бес номинация бойынша бес күн бойы өтеді. Ұйымдастырушылар фестиваль барысында тума таланттар табылып жатса, оларды Елорданың түрлі мәдени шараларына да шақырамыз деп отыр. Ән салу, би билеу, мәнерлеп оқуда өз бақтарын сынауға мыңға жуық өтініш түскен.  

Абылайхан БЕЙБІТ, СТУДЕНТ:    

Заңгерге оқып жатырмын, бірақ келешекте әншілікпен нан тауып жатсам, әншіліктен жолым ашылып жатса, елге танымал әнші боламын деп ойлаймын.