Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Нұротандықтар тәжірибелі саясаткер Зауытбек Тұрысбековтің дәрісіне құлақ түрді

AstanaTV
05.11.2018ж. 20:00
2609
Нұротандықтар тәжірибелі саясаткер Зауытбек Тұрысбековтің дәрісіне құлақ түрді

Нұротандықтар тәжірибелі саясаткер Зауытбек Тұрысбековтің дәрісіне құлақ түрді. Ресейде елші, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, облыс әкімі сынды лауазымды қызметтерді атқарған саясаткердің жастарға айтары бар. Партияластардың білімін жетілдіру туралы Президент былтыр кеңейтілген жиында тапсырған. Қазір, нұротандықтар «Саяси көшбасшылық» және «Саяси партиялық менеджмент» мектебіне келіп, дәріс алып жүр. Мұндай оқу-семинарлар екі аптаға созылады .

Зауытбек ТҰРЫСБЕКОВ, ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЭКС ТӨРАҒАСЫ:  

Қазір тоқтаған кезеңдеріңіз бір апта болама, екі апта боладыма осыны пайдаланып қалыңыздар. Неғұрлым осы жерде көбірек білімді,мықты-мықты жігіттердің сөзін араласып жатқан кезеңдегі талай дүниені қабылдап аласыңдар. Сіңдіріп аласыңдар. Сендер басқа адам болып барасыңдар елге. 

У. Қабылтайұлы