Коммуналдық тарифтер бағасын көтеру-қылмыс. Бүгін Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Президент осылай деді. Жыл соңына дейін электр энергиясының бағасы төмендеуі керек. Тарифке жауаптылар жүктелген істі атқармаса, шара қолданылады деді мемлекет басшысы. Өйткені, Бас прокуратура қуат тарифіне жауаптыларға тексеріс жүргізіп, біраз былықтың бетін ашқан.
Үкімет 2009-2015 жылдары монополистерге тарифті 2 есе көтеруге рұқсат берді. Осы аралықта мекемелер тозған қондырғыларын жаңартып, жаңғыртуы тиіс болған. Бірақ монополистер одан 1 трлн теңге пайда тапқанмен, жабдықтардың 60 пайызы жаңармаған. Ал, тарифтердің өсуі тоқтамаған. Жылу 2 есе, энергия 3 есе бағамен сатылған. Бас прокурор 3 жылда тұрғындардың 29 млрд теңге артық төлегенін анықтапты.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Вместо того, чтобы снизить затраты населения по этим пунктам расходов, смотрите, что происходит. Или это сознательное противостояние посланию Президента, чтобы принизить его, или головотяпство, которое происходит в результате безответственности, непонимания своей роли и ответственности. И то, и другое я считаю преступлением
Шығындарын тұтынушылар мойнына асып қойғаны былай тұрсын, жергілікті бюджеттен тариф бағасын арзандатуға бөлінген қаражатты банкке депозитке салып қойған. Президент былыққа жол берген Энергетика министрлігі мен Монополияға қарсы комитет басшылығын сөкті. Заңсыздық анықталған үш аймақтың әкімі де қатар отыр.
Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫ:
Біз қылмыстық істерден олардың ұрлықпен айналысып отырғанын, бақылаушы орган екі министрліктің лауазымды қызметкерлермен өзара келісіп отырғанын көріп отырмыз.
Әр министрлік өкілі атқарылған істі айтқанымен, Президент «Бұдан тариф төмендеген жоқ» деп сөз ортасынан бөлді.
Президент Клебановтар иелігіндегі «АстанаЭнергосбыт» компаниясының не себепті тариф бағасын көтергенін майшаммен қарауды тапсырды. Ал, «Алатау жарық» компаниясына төтенше жағдай болуы мүмкін деген себеппен тариф бағасын көтеруге рұқсат берілген көрінеді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Председатель антимонопольного комитета, ты можешь исправить все это? Әлде мына жұмыстан кетесің бе?
-Могу исправить, Нурсултан Абишевич.
- Сулейменов он способен сделать это? Ты ручаешься, отвечаешь за него?
-Так точно
- Ладно, тогда ограничимся объявлением выговора. Ты сам разберись, накажи кого положено.
Президент барлығына соңғы ескерту жасады. Энергетика министрі тарифті жыл соңына дейін төмендетуі керек. Айтпақшы, министрдің тағы бір орынбасары күдікке ілікті. Жақында ғана қызметі көтерілген Саран қаласының әкімі орталық жылу жүйесі жоқ қалада жылу есептеу қондырғысын орнатуға бөлінген 200 млн теңгені қолды қылған. Осылай деген Бас прокурор іс тергеле бастағанын айтты.
Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Жауап бере алмаймын.
Г. Меңдеева