Алматыда осыдан 4 жыл бұрын құрылған Наурызбай ауданы түрленіп жатыр. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына аудан аумағында әлі де жасалмай жатқан аулалар, көшелер туралы ұжымдық хаттар жауапсыз қалмайды. Жақында аудандағы Жуалы шағын ауданының тұрғындарынан келген өтініш қанағаттандырылған. Бектембай, Сейділдә көшелеріне асфальт төселіп, жарық беретін шамдар орнатылған. Тұрғындар бұл жерде инфрақұрылым мәселесі 10 жылдан бері шешілмей келгенін айтады. Сондай-ақ, «Қалқаман» шағын ауданындағы №8 үйдің ауласына соңғы үлгідегі спорт алаңы салынып, абаттандырылған. Бүгінгі таңда Алматыда 3700 аулаішілк ойын алаңдарының 35 пайызы қалпына келтірілген. Ол шамамен 1300 аула. Мұндай шараларға «Нұр Отан» партиясы мен мемлекеттік-жекменшік әріптестік арқылы Наурызбай ауданында 2 мектеп асханасы, 3 мектептің спорт алаңы қайта жаңғырудан өткен. Жаңа ауданда осы күнге дейін 44 балалар және спорт алаңы қайтадан салынды.
Асылхан ОРЫНБЕКОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аудан филиалының төрағасы халықпен 41 кездесу өткізген. Соның ішінде осы Қалқаман шағын ауданы да бар. Ауданның ұжымдық берген өтініштері негізінде осы ауладағы балалар алаңы, спорттық аулалар туралы сұрақтар көтерілген еді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында осы ауданда 8 үйдің ауласындағы балалар алаңы ретке келтірілді. Осындай алаң салынды.
Р. Асқарбекұлы