Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Шабыт» фестивалінің Президент кубогы иегері белгілі болды

AstanaTV
12.11.2018ж. 20:00
2320
«Шабыт» фестивалінің Президент кубогы иегері белгілі болды

«Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері белгілі болды. Бұл жолы Президент кубогы гобой үрмелі аспабының орындаушысы Ислам Әлиевке бұйырды. Одан бөлек, жеңімпаз «Классикалық музыка: ағаш үрмелі аспаптар» аталымының Гран-приін жеңіп алды. «Шабыт» фестивалінің басты сыйлығын елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыстады.   

Ислам ӘЛИЕВ, ХХІ «ШАБЫТ» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:  

Біріншіден, мен бұл марапатқа ие болғаныма өте ризамын. Бұл мен үшін күтпеген тосын сый. Дарынды бәсекелестер арасында жеңімпаз болғаныма қуаныштымын. Бұл жеңістің мен және менің анам үшін орны ерекше. Алдағы уақытта Қазақстандағы үрмелі аспаптар мектебінің деңгейін көтергім келеді. Оркестрдің құрамында ойнап, әртүрлі елдерге түрлі адамдармен концертке барып, еліміздің атын шығаруға үлес қосқым келеді.

Осымен ХХІ рет ұйымдастырылған өнер бәсекесі 5 күнге созылды. Байқауға 10 елден 200-ге жуық дарынды жас өтініш білдірген. Фестивальде 5 номинация бойынша 16-35 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынады. Халықаралық өнер байқауының Президент кубогы иегері, Гран-при иегерлері мен жүлделі орын алғандар ақшалай сыйлықтармен және «Шабыт» фестивалінің дипломдарымен марапатталды.  

Нарима МҰХАМЕДАЛИНА, АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Халықаралық фестивальдің қорытындысы бойынша Президент кубогы жүлдесіне-600 мың теңге, Гран-при-350 мың теңге, бірінші орын-300 мың теңге, екінші орын-250 мың теңге және үшінші орынға 200 мың теңге берілді. Сонымен қатар, атаулы сыйлық иегерлеріне 80 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Д. Сапарқызы