Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Құтқарушылардың еңбекақылары 10 пайызға өседі

AstanaTV
12.11.2018ж. 20:00
2183
Құтқарушылардың еңбекақылары 10 пайызға өседі

Құтқарушылардың еңбекақылары 10 пайызға өседі. Және құтқарушы мамандарға әскери шенділермен бірдей мәртебе беріліп, әлеуметтік жәрдем көрсетілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламенттегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты. Ал, ел аумағында 137 өрт сөндіру кешенін салу керек. Бұл жолы аймақтардағы депо құрылысына басымдық берілмек. 

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:  

Бүгінде елімізде 422 өрт сөндіру депосы бар. 23-ке жуығы апатты жағдайда болса, осыншалықты көлемдегі депо жалға алынатын нысандарда орналастырылған. Тиісті деңгейге жеткізу үшін ел аумағында 137 кешен салу керек. Оның жүзден астамы қалалық жерде, ал жиырма шақтысы ауылдық жерге қажет. Және құтқару құрылғыларын жаңартуға 8 млрд теңге керек. Аймақтарда құтқарушылар мен шұғыл құтқарушы мамандарды біріктірдік. Осы тәжірибені барлығына қолдансақ, штат қысқартылып, мамандардың жалақылары да өседі.

У. Қабылтайұлы