Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Еуропа халқы Атырау облысының қара уылдырығына қарқ болуы мүмкін-Н.Ноғаев

AstanaTV
12.11.2018ж. 20:00
2537
Еуропа халқы Атырау облысының қара уылдырығына қарқ болуы мүмкін-Н.Ноғаев

Алдағы уақытта Еуропа халқы Атырау облысының қара уылдырығына қарқ болуы мүмкін. Қазірдің өзінде елдің батысындағы мұнайлы өлкенің 2 ірі кәсіпорны кәрі құрлыққа жылына екі миллион тонна балық өнімін эспорттайды екен. Бұл жайында осы аймақтың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Қазір облыста балық шаруашылығына қарасты 17 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның тағы бесеуі Еуроодаққа уылдырық экспорттау туралы келісімге қол жеткізіпті. Осыған орай, өңірде теңіз балығын үш ірі көлге әкелу үшін су түбін тереңдету жұмыстары қолға алынған.  

Нұрлан НОҒАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:   

Балық аулау бізде Жайық өзені, Қиғаш өзені, Шарын өзенінде жүзеге асады. Балық шаруашылығын дамыту жөнінде қазіргі таңда жалпы ұзындығы 167 км болатын осы екі өзендегі түбін тереңдету жұмыстарын бастадық. Ол өз кезегінде теңізден балықтың кіруіне өз септігін тигізеді. Біздің жүргізген түп тереңдету жұмыстарының нәтижесі ретінде былтыр да биыл да балықтың көбейгенін балықшылар атап өтіп отыр. Балықтың түрі де көбейді.

Өңірде атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың саны соңғы екі жылда он есеге қысқарыпты. Бұл қосымша жұмыс орындарының ашылуына байланысты. Білім беру саласында орыс тілде дәріс беретін ұстаздар жетіспеушілігі бар. Мұны әкім жергілікті бюджет есебінен түлектерге қосымша гранттар бөлу арқылы шешеміз деп отыр. Медицина саласындағы кадр тапшылығы да осылай шешіле бастаған. Әкім «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылыс қарқынды жүріп жатқанын айтты.   

Нұрлан НОҒАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  

Биыл Атырау облысында 44 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл мемлекеттік бюджеттен салынып жатқан үйлер. Соның 34-н тапсырамыз деген жоспарымыз бар. Келесі жылы 50 тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр. Бұның сыртында 19 коммерциялық мекемелер көпқабатты үйлердің құрылысын жүргізіп жатыр. Мыңнан астам пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша әркім өзінің қалтасына, өзінің қалауына қандай пәтер керек, соның барлығы қамтамсыз етілді.