Ал Оралдағы саяжайларды да көктемде су басуы мүмкін. Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қауіпті аумақтардағы тұрғындарға, төтенше жағдай бола қалса, не істеу керектігі көрсетілген нұсқаулықтар таратты.
Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, биыл өңірдегі ылғал көлемі жылдағыдан 8 пайызға артық, сондықтан өзендер арнасынан тасуы мүмкін. Ал бұл аумақтағы 72 саяжай қоғамдастығында 10 мыңнан астам адам тұрады. Дегенмен, құтқарушылар техникалары мен құрал-жабдықтарының сақадай сай екендігін айтып сендірді.
Индира
Өтешева, Батыс Қазақстан облысы ТЖД бас маманы:
Ең
бастысы, тұрғындарға айтарымыз, өздерінің аулаларындағы үйлерінің қасындағы
қарды уақытылы шығарып, ластан тазартуы керек. Егер қауіп төніп жатқан жағдайда, құжаттары, жылы заттары, азық-түлік, тамақ - бәрі дайын тұруы керек.
Айта
кетелік, осыдан бес жыл бұрын Шаған мен Деркөл өзендері арнасынан асып,
облыстағы 38 елді мекен су астында қалды. Осыдан кейін аймақта тасқынға жол
бермеу шаралары күшейтілген.
Еркін КАРИН