Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Зейнетақы қоры

AstanaTV
14.11.2018ж. 20:00
2676
Зейнетақы қоры

Қазақстандықтардың зейнетақы қорына жинаған ақшасын тағы да талан-таражға түсуі мүмкін. Бұл жайында Парламент отырысында Ұлттық банктің басшысына депутаттық сауал жолдаған Шакир Хахазов мәлімдеді. Халық қалаулысының айтуынша, елдің бас банкі биылғы қыркүйекте «ABIBA INVESTORS» деп аталатын шетелдік инвестициялық компанияға 70 миллиард теңгеден астам ақшаны сеніп тапсырған. Алайда, бұл фирма талай рет инвестициялық заңнамаларды белден басып, шатылған көрінеді.  

Шакир ХАХАЗОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

2015 жылы Ұлыбританияның қаржы реттеу және қадағалау басқармасы «ABIBA INVESTORS» компаниясына клиенттерінің ақшасын тиімсіз пайдаланғаны үшін 7,6 миллион фунт стерлинг айыппұл салған. Бұл компания айыппұлдар мен компенсацияларды қоса есептегенде барлығы 150 миллионов фунт стерлинг төледі. Бұл мәліметтердің барлығы ресми түрде жария етілген. Осындай күдікті фирмаға жұрттың ақшасын қалай сеніп тапсырамыз?

Г. Тасболатқызы