Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылорда «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының жұмысы бақылайтын орталық ашылды

AstanaTV
14.11.2018ж. 20:00
3161
Қызылорда «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының жұмысы бақылайтын орталық ашылды

Қызылорда да «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының жұмысын онлайн бақылайтын орталық ашылды. Толықтай компьютерлендірілген кешен арқылы операторлар құбырдың қауіпсіз, әрі қатықсыз қызметін қадағаламақ. Ұлттық оператор-«ҚазТрансГаз» бұл шаралар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалып жатқанын айтты. Автоматтандыру мен басқарудың заманауи құралдары ең алдымен қазақстандықтардың қауіпсіздігіне бағытталған.  

Газ магистралінің жұмысы телефон, электронды пошта арқылы бақыланып келді. Төтенше жағдай бола қалса, шұғыл түрде мобильдік байланыс қосылатын. Ал, бүгін үлкен экран арқылы құбырдың жұмысын орталықтан толықтай тексеріп отыруға болады. Көгілдір отынның жеткізілуі, оның қысымы жаңа «SCADA» жүйесінің көмегімен қадағаланбақ.    

Жалғас СӘРСЕНБАЕВ, «БЕЙНЕУ-БОЗОЙ-ШЫМКЕНТ» ГАЗ ҚҰБЫРЫ» ЖШС ҚЫЗЫЛОРДА ОРТАЛЫҚ БАСҚАРУ ДИСПЕТЧЕРІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ 

Бұл «SCADA» жүйесі магистраль газопровод құрамында, бойында болып жатқан ақауларды анықтауға, дер кезінде оны апаттық жағдайдан уақытылы болдырмауға және болған жағдайда оны дереу орталық диспетчерлік бақылауға келіп, хабарлама түсіреді.

Бұл жүйені мамандар бір ай бойына сынақтан өткізген. Олардың бағалауынша жаңашылдық тиімді, қауіпсіз және үнемді. Ақау анықталса автоматты түрде бұғатталады.  

Мақсат ҚАЛИАСҚАРОВ, «БЕЙНЕУ-БОЗОЙ-ШЫМКЕНТ» ГАЗ ҚҰБЫРЫ» ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ: 

Орталық аптасына 7 күн, күніне 24 сағат жұмыс істейді. Диспетчерлік орталық арқылы газ құбырының бүкіл құрылғыларының жағдайын осы диспетчерлер бақылап отырады. Апат болған бір жағдайлар болса, осы мониторларда қызылмен көрсетіліп, бір мезгілде диспетчерлер біліп отырады.

Айта кетейік, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ магистрлі мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі үшін жасалған тарихи күрделі жоба. Ол елдің оңтүстігін көгілдір отынмен қамтудан бөлек, газ тасымалдау жүйесін біріздендіру және отандық газды сыртқа шығару мәселелерін оң шешуге ықпал етті. Ұлттық оператор-«ҚазТрансГаз» АҚ «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында инновациялық технологияларды тәжірибе жүзінде газ саласының барлық бағыттарына кеңінен енгізуді көздеп отыр. 

Ш. Сақтапова