Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қызылжар өңірінде ескі теміржол құрылысы аяқталса, қиыршық тас экспорты 2.5 есе өспек

AstanaTV
15.11.2018ж. 20:00
4172
Қызылжар өңірінде ескі теміржол құрылысы аяқталса, қиыршық тас экспорты 2.5 есе өспек

Қызылжар өңірінде ескі теміржол жаңғыртылса, қиыршық тас экспорты 2.5 есе өспек. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері айтты. Ақжар мен Уәлиханов ауданында әлеуеті зор қиыршық тас өндіретін кен орындары бар. Аталған кәсіпорындар жылына өнімнің 200 мың тоннасын шығарады. Олар өнімді еселеуге қауқарлы. Алайда, логистика мәселесі кедергі болып тұр,-деді. Қазір қиыршық тас көрші елге жүк көліктерімен тасымалданып келеді. Облыстық автокөлік жолдары басқармасының дерегінше, қазір Ресейдің Омбы және Новосібір өңірлерінде құрылыс материалдары тапшы. Сондықтан, қазақстандық тауарға сұраныс жоғары болып тұр.  

Асхат БАКЕЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазір Ресейдің Омбы және Новосібір облыстарын Оңтүстік Орал аймағы құрылыс материалдарымен қамтып отыр. Оларға бір жылда қиыршық тастың 2-3 миллион тоннасы қажет. Қазір біз оның он пайызын ғана қамтамасыз етеміз. Егер, жаңа теміржол салынса, онда кен орындары өндіріс көлемін 2.5 есе арттыруға қауқарлы. Бұның аймақ экономикасына оң ықпал етері сөзсіз.

Бұған дейін ресейлік инвестордың Қызылжар өңірінде ескі теміржолды жаңғырту ісін қолға алғанын айтқан едік. Ол Уәлиханов ауданындағы «Қызыл-Ту» станциясынан Ресейдің «Русская поляна» елді мекеніне дейін 99 шақырымды құрайтын шойын жол құрылысы арқылы Омбыға тура жол салмақшы. Жоба құны 18 миллиард теңгеге бағаланған. Айта кету керек, аталған аралықтағы теміржолды тұрғындар өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары бұзып тастаған болатын.  

А.Құрманкин