Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Дизель отынына тапшылық туындауы мүмкін-Қ.Бозымбаев

AstanaTV
15.11.2018ж. 20:00
2102
Дизель отынына тапшылық туындауы мүмкін-Қ.Бозымбаев

Егер, Ресейде дизель отынының бағасы қымбаттаса, Қазақстанда тапшылық туындауы мүмкін. Ішкі нарықтағы жанармай бағасын талқылаған жиында Энергетика министрі осындай болжам жасады. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Ресеймен шекаралас аймақтарда бензин мен дизель отынын тұтыну күрт көтерілген. Мәселен, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында жанармай қолданатындар саны 3 млн халық бар оңтүстік өңірлерге қарағанда бірнеше есеге артқан. Өйткені, дизель отыны ғана емес, бензин де Ресейге жүк көліктері арқылы шығарылған. Сондықтан, көрші елде жоғары бағамен жанармай сататын делдалдар дәурені жүріп тұр. Бозымбаев мәселені шешудің екі жолын ұсынды. Оның бірі-бағаны Ресеймен теңестіру. Бірақ, ол кезде жанар-жағармай құны 250 теңгеге шарықтап кетеді. Сондықтан, министр екінші нұсқаны, яғни, шекараны бақылауға алуды ұсынды.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:  

Бізге Қазақстанда қалыптасқан бағаның теңдігін сақтау қажет. Бірақ, Ресейде баға тағы да көтерілетін болса, бізде отын жетіспеушілігі болуы мүмкін. Барлығы экспортталады. Сондықтан, елдегі шекараны бақылауда ұстау қажет. Мен Премьер-министрге бұл туралы баяндадым. Жұма күні Үкіметте нарықты қорғап қалуға қатысты ұсыныстарды айтамыз. Бізде басқа жол жоқ.

А. Бектас