Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Президент белгілі халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесті

AstanaTV
16.11.2018ж. 20:00
5002
Президент белгілі халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесті

Бүгін Президент Ақордада белгілі халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесті. «Қан мен тер» романының авторымен екеуара әңгімеде мәдениет саласының қазіргі жағдайы мен отандық әдебиетті дамыту жайы талқыланды. 94 жастағы Әбдіжәміл Нұрпейісов 20-шы ғасырда әдебиеттің дамуына сүбелі үлес қосқан жазушы. Оның әйгілі «Қан мен тер» романы мен басқа да шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылып, тараған. Ол Мұхтар Әуезов, Жұбан Молдағалиевпен бірге мемлекеттік сыйлық лауреаты атағын алған үш қазақ жазушысының бірі. Арал өңірінің тумасы кезінде Ұлы Отан соғысына да қатысқан.  

Г. Меңдеева