Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан тәуелсіздік алғалы атажұртқа 1 миллионнан астам қазақ оралған

AstanaTV
16.11.2018ж. 20:00
5968
Қазақстан тәуелсіздік алғалы атажұртқа 1 миллионнан астам қазақ оралған

Биыл елге 12 мыңға жуық қазақ қоныс аударды. Ал, тәуелсіздік алғанан бері 1 милионнан астам қандас оралған. Бұл туралы Отандастар қоры мәлімдеп отыр. Атажұртқа келгендердің көбі Өзбекстаннан қоныс тепкен. Диана Сапарқызы толғырақ. 

Толқын Аханұлы осыдан 11 жыл бұрын Қытайдан көшіп келді. Шыңжаң ұйғыр автономиясында дүниеге келген. Қытайда медициналық білім алып, осы салада 20 жыл абыройлы қызмет еткен. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегендей, отанға оралғанда алдымен такси жүргізушісі болған. Араға екі жыл салып шығыс медицина бағытындағы клиникасын ашады. Қазір елдің бірнеше аймағында да филиалдары бар. Емделушілер елдің түкпір-түкпірінен ғана емес, Ресейден де келе бастаған.  

Толқын АХАНҰЛЫ: 

Бұл жаққа келгенде әрине тілден де, ортаға бейміделу қиналыс болды. Қиналыссыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ оны атажұртқа деген сағынышын соны аңсап келуіңнен қиыншылықтан елең құрлы көрмедік. Атажұртқа келіп, өсіп, өніп, сініп Құдайға шүкір, тамаша өзімізді бақытты сезініп отырмыз.

Жұбайы Халнұр Тұрлыбайқызы да шығыс медицинасын жетік меңгерген. Жат елде жүрсе де отанасы қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтап келген.  

Халнұр ТҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ:  

Қазақилықты жақсы көреміз. Қаланың тұрмысынан шаршаған кезде бала шағмызбен бас қосып, осындай бір үй жасап қойдық. Мұны қазақы сәкі дейді бұны. Біздің жақта сәкі деп айтамыз деп айтамыз мұны. Бұл жақта тапшан дейді ғой.

Биыл атамекенге 7 мың отбасының 12 мың мүшесі көшіп келген. Қазір әлемнің 43 мемлекетінде 5 миллионнан астам қазақ тұрады. Көпшілігі Қазақстанмен шекаралас елдерде. Қытайда қазір 1,5 млннан астам қазақ өмір сүреді. Ал, Өзбекстанда 900 мың. Ресейде 800 мың қаракөз ғұмыр кешіп отыр. Түркменстан, Моңғолия мен Қырғызстанда да саны аз емес. Сондай-ақ, Түркия, Иран, Ауғанстан мен Батыс Еуропада тұратындар да баршылық. Ал, елге оралғандардың көбі Алматы мен Түркістан Маңғыстау, облыстары мен Астанада қоныс тепкен. Жас мөлшері мен еңбекке қабілеттілігіне қарасақ, биыл елге оралған қандастардың 63,9 пайызы жұмысқа қабілетті. Қалғаны 18 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер.  

Былтыр Елбасының бастамасымен дүниежүзіндегі қазақтардың басын қосу мақсатында «Отандастар» қоры ашылған болатын. Басты міндет- Қазақстанға келген этникалық қазақтардың ортаға бейімделуіне, жан-жақты жәрдем көрсету.    

Назгүл НАЗАР, ҚР «ОТАНДАСТАР» КЕАҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Егер, отандасымыз шетелде тұратын болса, онда ол сол елде тұра тұрып сол елдің толыққанды азаматы болуы. Сонымен қатар, шетелде тұра отырып, ол Қазақстандағы болып жатқан барлық мәселелерден, өзекті жаңалықтардан хабардар болу мүмкінідігі. Сонымен қатар, туған тілде білім алу мүмкіндігі. Осының барлығын біз қамтамасыз етуге тырысамыз.

Көп ұзамай елде тұратын отандастарға қолдау көрсетудің ерекше бағдарламасы қолға алынбақ. Әзірге жоба қор қызметкерлерімен әзірленіп жатыр. Сондай-ақ атажұртқа оралғысы келетіндер үшін арнайы қоңырау шалу орталығы да ашылмақ.  

Д. Сапарқызы