Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жаңаөзендегі тұрғын үйде газ жарылып, екі адам ауруханаға түсті

AstanaTV
16.11.2018ж. 20:00
3755
Жаңаөзендегі тұрғын үйде газ жарылып, екі адам ауруханаға түсті

Жаңаөзенде жарылыс болды. Жер үйде табиғи газ атылған. Күйік алған анасы мен баласы жедел жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, газ Рахат-2 шағын ауданындағы үйде жарылған. Табиғи газ жайылып, артынша атылған. Аумағы 204 шаршы метрді болатын үй қирап қалды. Құтқарушылар өртті сөндіріп, үйінді астынан екі адамды құтқарды. Олар жедел-жәрдеммен орталық ауруханаға жеткізілген.

Раушан ЖАППАРОВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЕМДЕУ БӨЛІМІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

1962-ші жылғы әйел адам мен 1989-шы жылғы ер адам түсті. Екеуі де 2-ші, 3-ші деңгейдегі күйік алған және дене жарақаттарын алған. Әйел адамның жағдайы ауыр. Сосын тағы бір ер адам өзі келді жарақатымен. Оны травматология бөліміне жатқыздық.