$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ауыл шарушылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалар «Нұр Отан» партиясының бақылауында

AstanaTV
19.11.2018ж. 20:00
3327
Ауыл шарушылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалар «Нұр Отан» партиясының бақылауында

Ауыл шарушылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы «Нұр Отан» партиясының бақылауында. Бұл жайында Мәулен Әшімбаев Ақмола облысының шаруларымен кездесуінде мәлімдеді. Сонымен қатар, партия төрағасының бірінші орынбасары Астана іргесіндегі ірі агрокешенді аралап, шаруаларды кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Мәулен Әшімбаев Астананы таза табиғи өніммен қамтамасыз ететін агрокешеннің жұмысымен танысты. Қазіргі күні серіктестікке тиесілі егіс алқабы, құрама жем зауыты, асыл тұқымды бройлер құсын өсіру, жұмыртқа ұнтағын және құс етін қайта өндіру мен шұжық цехы бар. Сонымен қатар, фабрикада жұмыс жасайтын жас мамандардың да қарасы басым. 

Ғалым ГУЛЬМАМЕТОВ, АҒА МАЛ ДӘРІГЕРІ: 

Ауылға келгеніме 10 жылдың маңайы болды. Үкіметтен көп көмектер болды. Бүкіл жастарды шақырамын ауылда жұмыс істеуге. Ауылда жұмыс істеп көтеріліп жатырмыз. Жалақысы да жақсы. Қалада кеңседе отырып тапқан еңбекақыны осында да аламыз.

Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке алдағы 3 жылда ауыл шаруашылық саласына қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Бұл қомақты қаржы елімізге заманауи агротехнологияларды және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды тартуға бағытталады. Негізгі міндет-еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Елбасының сенімді тірегі және еліміздің жетекші саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған барлық бастаманы жүзеге асыруға атсалысып, осы саладағы жұмыстарды қоғамдық бақылауға алады. Осылайша, нұротандықтар Президентіміздің барлық стратегиялық бағдарламасын орындауға өз үлестерін қосады.

Өндірісте инновациялық тәсілдерді қолдану өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай арзандатуға және көлемін көбейтуге мүмкіндік берді. Қазір Ақмола облысының ет, жұмыртқа және жартылай фабрикаттары Астананы толық қамтамасыз етіп отыр. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында салада үлкен өзгерістер байқалуда. 

Ә. Өмірзақ