Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Эйр Астана» Бас прокуратураға шағымданды

AstanaTV
11.10.2016ж. 20:00
2623
«Эйр Астана» Бас прокуратураға шағымданды

Монополияға қарсы ведомствоның айыбынан соң «Эйр Астана» компаниясы Бас прокуратураға шағымданды. Олар кәсіпорынның заңды құқығын бұзуды тоқтатуды сұрап отыр. Бұл туралы «Эйр Астана» өкілі мәлімдеді. Тілек Әбдірахмановтың айтуынша, монополияға қарсы ведомствоның тексерісіне кедергі жасалмаған.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті бір айдың ішінде екі рет тексеріс жүргізген. Сатылым жүйесін бақылап, қызметкерлерден сұрау алған. Сондай-ақ ол әуе компанияның еш себепсіз бағаларды көтерді деуі шындыққа жанаспайтынын айтты. Ішкі рейстердің бағасы 22 пайызға өскеніне қарамастан, «Эйр астана» компаниясы жарты жылдың ішінде екі жарым миллиард теңге шығынға батып отыр, - дейді Тілек Әбдірахманов.  

Тілек Әбдірахманов, «Эйр Астана» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

Тексерудің қорытындысы шықпай жатып, «Эйр астана» компаниясына қатысты түрлі қауесет шығып жатыр. Монополияға қарсы ведомства бұқаралық ақпарат құралдарына шындыққа жанаспайтын ақпарат таратып отыр. Нақты айтсақ, олар әуе компания рейстер бағасын 40, тіпті 80 пайызға көтерген монополист деп отыр. Компания ешқандай да монополист емес. Біз ішкі рейстерге бағаны тұрақты ұстап отырмыз. «Эйр астана» - "Скат", "Бек Эйр", "Казах Эйрмен" бәсекелес компания. 

Ал монополияға қарсы орган «Эйр Астанаға» қатысты әкімшілік іс қозғады. Ведомстводағылардың сөзінше, әуе компания өкілдері арнайы тексерушілерді ғимаратқа кіргізбей қойған. Ал бұдан бұрын Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Эйр Астана» акцияларының сатылымға шығарылатынын растаған болатын. Компанияның 51 пайызын иемденетін «Самұрық-Қазына» өз үлесін бәсекеге қабілетті ортаға беретіні айтылған. Сатып алушылардың бірі «Qatar Airways» болуы мүмкін деген де пікірлер болды. Кәсіпорын пакет акциясының 49 пайызы британдық BAE Systems компаниясына қарайды. 2015 жылы компания «Эйр Астананың» қазақстандық үлесін шетел инвесторларына сатпауды сұраған.