Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Артық жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлерге үстеме төленеді

AstanaTV
20.11.2018ж. 20:00
2500
Артық жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлерге үстеме төленеді

Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері тым артық жұмыс істеп келген. Басқа мемлекеттік мекемелерде де еңбекті жеу деректері көп. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қыркүйек-қазан айындағы сарапатамасы осыны көрсеткен. Бір қызметкер күніне орташа есеппен 1-1,5 сағат артық жұмыс істеген. Ал, ол үшін үстеме ақы төленбепті. Заң талаптарын орындамаған мемлекеттік органдар ісін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарайтын болады. Сондықтан, қызметкерлер артық жұмыс істегені үшін ақы алады. Алайда, өңірлердегі жағдайы қиын. Скуд, яғни, тіркеу жүйесі енгізілмегендіктен, қызметкерлердің жұмыс көлемі белгісіз. Ал, жұмыс аяқталғанда сөндірілетін жүйе жетілдіріліп, ыңғайлы жұмыс уақыты енгізілмек.  

Равиль ТӨЛЕБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекеттік қызметте ыңғайлы жұмыс тәртібі енгізілетін болады. Оны қызметкерлер сауалнамасы арқылы анықтаймыз. Олар ерте қайтқысы келсе, ерте келіп, түскі ас мерзімі қысқартылады. Ал, жұмыстан алыс тұратындар арасында кеш келіп, кеш қайтқысы келетіндер де бар.

Г. Меңдеева