Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртуға 75 миллион доллар несие алынды

AstanaTV
20.11.2018ж. 20:00
1737
Еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртуға 75 миллион доллар несие алынды

Алдағы бес жылда еліміздің бес мыңнан астам ауыл мектептері қарызға жабдықталатын болды. Құны 75 миллион доллар болатын бұл жобаның 67 миллионын Дүниежүзілік банкі 2 пайыздық үстемемен бермекші. Қалған ақша Республикалық бюджеттен қарастырылыпты. Бұл жайында еліміздің Білім және Ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. Бұл ақшаға ауыл аймақтардағы білім ордаларына компьютерлер мен жаңа үлгідегі инновациялық тақталар сатып алынбақшы. Одан тыс қаржының бір бөлігі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және инклюзивті білім беруді жетілдіруге жұмсалмақ. Ал, Дүниежүзілік банкіне қарызды министрлік 17 жыл бойы қайтарады екен. Оның алғашқы бес жылы тіпті пайызсыз және түрлі комиссияларсыз көрінеді.  

Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:   

Бюджеттен бөлінген ақшасы бір бөлек, осы Всемирный заем бойынша алдымыздағы бағдарламасы ол бір бөлек. Олардың бір-біріне ақшасы пересекаться етпейді.

Бес жылға созылатын жобаны бақылайтын және қадағалайтын топ 20 адамнан тұрмақшы. Олардың жалақысы мен іс-сапарларына кететін шығын шамамен 2 миллион доллар болады деп жоспарланған. 

Г. Тасболатқызы