Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбе облысында белгісіз біреу тұтас ауылды үрейде ұстап отыр

AstanaTV
20.11.2018ж. 20:00
2680
Ақтөбе облысында белгісіз біреу тұтас ауылды үрейде ұстап отыр

Ақтөбе облысында өрт қоюшы қаскөй тұтас ауылды үрей құшағында ұстап отыр. Қосестек ауылында жаз бойы орылған 10 үйдің шөбі түк қалмай өртеніп кеткен. Қысқы азықсыз қалған тұрғындар мал басын сойып, сатуға мәжбүр. Ал, ауыл адамдарының ұйқысын қашырған қылмыскер әлі қолға түскен жоқ. Бақыт Рахметова толықтырады.  

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Алақандай ғана Қосестек ауылы тұрғындары екі аптадан бері қорқыныш құшағына енген. Өйткені, ауылда күнсайын біреудің шөбі өртенеді. Қазірдің өзінде малына қысқы азыққа дайындаған он үйдің шөбі өртеніп, күлге айналған. Ал, тағы үш үй өрт қоюшыдан ескерту хат алған көрінеді.

Тағаберген БАЙМЕНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: 

Ауылдың адамы. Жау сырттан келмейді. Келесі күні көршім жанғанда записка қалдырған. Газетке жазған «Руслан сен келесі, саған бүгін повезло. У кого сено есть готовьте 50 мың теңге»,-дейді.

Осындай хат ауылдағы үш үйге де келіпті. Үй иелері қорқыныштан күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Кейбірі ауласына жарық жағып, бейнекамераға дейін орнатып қойды. Соның өзінде ауылда он үйдің жаздай жинаған шөбі, түк қалмай өртеніп кеткен.  

Нәзия ЖҰМАБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: 

Бізде паника. Пожар бітпейді. Пожар болады. Попытка болады. Екі үш сағат сайын жолдасым, мамамыз үшеуміз екі үш сағат сайын алмасып, осыны күзетіп жүреміз. Басқа амалымыз жоқ.

Гүлнәр АЛМАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: 

Қиын. Шөп жоқ. Малдың барлығын шығардым, ұстамаймын. Қорқамын уже. Енді бара-бара үйді өртейтін шығар.

Төрт жүзден астам тұрғыны бар ауыл малдың арқасында күн көріп отыр. Шөбі өртенгендер амалсыз малын сойып сатып жатқандарын айтты. Әкімдік шөбі өртенген үйлерді қысқы азықпен қамтимыз,-дейді. Қаскөйді анықтауға да кіріспті.   

Гүлжан ДОСМАҒАМБЕТОВА, ҚОСЕСТЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Уголовное дело заведено. Оперативно-следственное мероприятие ведутся. Өзімізден де шара қолданып жатырмыз. 14 бастап тәулік бойы дежурство. Екісінен бастап ежедневная дежурство ұйымдастырдық.

Қосестек тұрғындары ауылдастарынан күдіктенеді. Полиция тіпті оның үйінен айғақ заттар да тапқан көрінеді. Қазір ол сараптамаға жіберілген.  

Б. Рахметова