Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Проблемалық банктерді құтқаруға бөлінген қаражатта есеп жоқ-Ү.Шаяхметова

AstanaTV
20.11.2018ж. 20:00
2153
Проблемалық банктерді құтқаруға бөлінген қаражатта есеп жоқ-Ү.Шаяхметова

Ал, белгілі банкир Үміт Шаяхметова бюджет қаражатын ысырап қылды деп Үкіметті айыптайды. Қазақстан үкіметі елдегі бүкіл банктердің 50 пайыз активіне тең қаражатты проблемалық банктерді құтқаруға жұмсап жіберді. Бұл барып тұрған-сорақылық. Мұндай жағдай жақын шетелдердің ешқайсысында әлі орын алған жоқ,- дейді ол . Айтуынша, соңғы жылдары елде қаржылық қиындыққа тап болған қаржы инситуттарына есепсіз құйылған қаражаттың көлемін ешкім ашық айта бермейді. Шын мәнінде, бұл-Қазақстандағы жалпы банк жүйесінде айналымда жүрген активтердің тең жартысына жуықтайды,-дейді банк топ-менеджері.  

Үміт ШАЯХМЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

«БТА» Банкі, «Казком», одан бөлек тағы да бес банк пен «Цесна» банкке жөнелтілген субцилиялық қарыздарды қоса алғанда, қомақты қаражат шығады. Ұлттық банк тарапынан қадағалау күшті дейміз. Бірақ, банктер дағдарысқа ұшырап, қаражат желге ұшқандай жоқ болады. Оның жауабы жоқ. Мемлекет қаржы инситуттарын құтқаруға амалсыздан барады. Себебі, банктердің артында милиондаған салымшы тұр. Сондықтан, салымшылар да қандай банкке қаржы сақтарда жауапкершілікті түсінуі тиіс.

«Халық Банк» сондай-ақ, биылғы 9 айдағы қаржылық нәтижелері туралы да мәліметтерді жария етті. «Казкоммен» бірігу процестері аяқталып, елдегі қаржы нарығының 34 пайызына иелік ететін қаржы инситутына айналған. «Халық Банкі» 9 айда 164 млрд. теңге таза пайда тапқан. Банктен 9,9 млн. халық қызмет алады. Оның 70 пайызы белсенді клиенттер санатына жатады. Сонымен бірге, әлеуметтік төлемдер бойынша аталған банк арқылы ай сайын 2,4 млн адам зейнетақы мен жәрдемақы алады.  

Р. Асқарбекұлы