Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада қысқы мерекелерге дайындық басталып кетті

AstanaTV
20.11.2018ж. 20:00
2963
Астанада қысқы мерекелерге дайындық басталып кетті

Астанада қысқы мерекелерге дайындық басталып кетті. Биыл Президент саябағы аумағында ең үлкен сырғанақ салынбақ . Биіктігі 16, ұзындығы 160 метрге жететін мұз кешеннің құрылысын жергілікті кәсіпкерлер қаржыландырады. Алматы ауданында қысқы сауық-сайран үшін жеті нысан әзірлік үстінде. Соның бірі «Қазақ елі» алаңындағы мұз айдыны. 

Тынысбек АРАШАПОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Оның көлемі 90 да 40 болмақ. Үлкендігі жөнінен Орталық мұз айдынынан кейін қаладағы ең үлкен сырғанақ. Ең үлкен шыршаны да сол жерге орнатамыз. Аудан бойынша 6 хоккей корттарын орнатып, оқушылардың да қысқы демалысын пайдалы өткізуіне жағдай жасаймыз.

Желтоқсан айында мерекелер қарсаңында қала тұрғындарын ауқымды бағдарламалар күтіп тұр. Ботаникалық бақ пен «Ататүрік» саябағында маусым бойы коньки теуіп, шанамен сырғанауға болады. Сонымен қатар, қаланың әр тұсында түрлі шоу бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, жәрмеңкелер мен жалпы халықтық серуендер ұйымдастырылады. 

Нарима МУХАМБЕТАЛИНА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бірінші желтоқсанда үлкен шара ұйымдастырылады. Бұл шара хол энергия залындағы үлкен концертпен жалғасады. Ал, Астананың ресми көшу күніне келсек, 10 желтоқсанда Астана концерт залындағы мерекелік концертімізді өткізейін деп жатырмыз. Ол концертке қазақстандық жұлдыздарымыз қатысады. 

А. Сейфулла