Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Димаш ағылшындарды тәнтті етті

Димаш ағылшындарды тәнтті етті

Димаш ағылшындарды тәнтті етті. Димаш Құдайберген кеше Лондонда «DQ» концерттік шоуын өткізді, деп хабарлайды «Айқын» газеті. 3000 адамды сыйдыра алатын «Indigo at the O2» кешенінде өткен концерттің билеттері алдын-ала интернет арқылы сатылып қойған. Тіпті, билет сататын интернет сайты Димаштың коцертінің билетін саудаға шығарған күні қараушы адамдардың санынның көптігінен істен шықты. Әлемнің 50-ге жуық елінен Димаштың жанкүйерлері жиналды. Концерт екі жарым сағатқа созылды. Димаш әнін орындап, қоштасып кеткеннен кейін де қалың тыңдарман сахнаның алдын босатпай, жарты сағатқа жуық уақыт Димаштың есімін атап тұрып алды. Шоуды бастан-аяқ қадағалап Димаштың ата-анасы да жүрді.  

М. Дюсекина