Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Көрнекті дінтанушысы Ержан Хазірет Төлегенұлының кітабі жарық көрді

AstanaTV
21.11.2018ж. 20:00
6922
Көрнекті дінтанушысы Ержан Хазірет Төлегенұлының кітабі жарық көрді

«Ілімнің бұлағы-тақуалық қайнары». Осындай атаумен көрнекті дінтанушысы Ержан Хазірет Төлегенұлының кітабі жарық көрді. Шығармалар жинағы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында шықты. Қоғам қайраткерінің өсиеттер топтамасы жеке мұрағатынан табылған. Ағартушы еңбектерінің әзірге 2 мыңнан астам данасы жарияланды. Бүгінде Ержан Хазіреттің еңбектері батыс және шығыс ғалымдарының зерттеу нысанына айналған.  

Алқажан ЕДІЛХАН, ӨЛКЕТАНУШЫ: 

Бұл ілім адамзат баласының өзін-өзі тануына, табиғатты тануына, жалып әлемді тануда өзіндік қазақи көзқарасты қалыптастырған ілім. Ол қазіргі біздің қолға алып отырған «Рухани Жаңғыруымызда» бірден-бір бағдаршам ретінде қолданатын тұстарымыз да.

Ержан Хазірет Төлегенұлының мұраларын зерделеуге арналған « Дін тұғыры және ілім қайнары» републикалық конференциясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды. Жиынға халық қалаулылары, Маңғыстау облысының әкімідігі мен елдің түкпір-түкіпірінен жиналған дінтанушы, теолог ғалымдар қатысты. 

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, ҚР «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ОРТАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Сөзі салмақты, байыпты. Елдің кәдімгі азаматары басына іс түскен кезде арнайы келіп, ақылдасып, пікірімен есептескен. Ержан Хазірет тек қана Маңғыстау өлкесінде ғана емес, бүкіл орта Азиядағы мұсылмандарға танымал теолог ғалым болған.

Д. Сапарқызы