Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астанада қант диабетіне шалдыққандар саны 14 мыңнан асты

AstanaTV
21.11.2018ж. 20:00
2555
Астанада қант диабетіне шалдыққандар саны 14 мыңнан асты

Астанада қант диабетіне шалдыққандар саны 15 мыңға жуықтайды. Елімізде мұндай науқастар 300 мыңнан асып отыр. Бүгін Астандағы емханалардың бірінде «Өзіңді диабетке тексер» атты акция өтті. Қант диабеті әлемде ең көп таралған аурулардың бірі. Арнайы тексерістен өтпейінше, қан құрамындағы қант деңгейін білу мүмкін емес. Сондықтан, осындай шаралар кезінде кез келген тұрғын тегін тексерістен өте алады. Акцияны «Самрұқ» қоғамдық бірлестігі өткізді.  

Гульнар МУЛДАГАЛИЕВА, №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

14 қараша бүкіл әлем бойынша қант диабетіне қарсы күн. Осыған орай біздің емханада арнайы іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгін емханаға келген барлық азаматтардың қан қысымын өлшеп жатырмыз. Бүгінде біздің емханада 1370-ке жуық адам қант диабетімен тіркелген. Олардың барлығы тегін дәрі дәрмек алып отыр.  

Емханада қант диабетін алдын алу мақсатында құрылған арнайы клубтар жұмыс жасайды. Онда шамамен 30-ға жуық ерікті бар. Ұйымдастырушылар осылайша науқастарға салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап келеді.  

Гульмира СМАЙЛОВА, ЕМДЕЛУШІ: 

Денсаулық, әрине, бірінші орында. Бүгін мұнда қант диабетіне қарсы акция өтіп жатыр. Өзімнің денсаулығымды қант диабетіне тексеру үшін қан тапсырдым. Нәтижесі 4.5. Өте жақсы.   

Ә. Өмірзақ