Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанай облысындағы шекара аумағының тұрғындары Ресей байланыс операторын қолдануға мәжбүр

AstanaTV
21.11.2018ж. 20:00
3196
Қостанай облысындағы шекара аумағының тұрғындары Ресей байланыс операторын қолдануға мәжбүр

Тобыл өңіріндегі шекарамен шектес ауылдарда ұялы байланыс жоқ. Тұрғындар ресейлік операторлардың қызметіне жүгінуге мәжбүр. Шалғайдағы елді-мекен тұрғындары «Нұр Отан» партиясы арқылы түйткілдің түйіні шешіледі деген сенімде. Көшпелі қабылдауға келген көпшілік ауылдағы ауыз су, жол, интернет және ұялы байланыс мәселесін көтерді. 

Айдын ЖОЛДЫБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Район орталығынан 90 км жерде тұрамыз. Ресей Федерациясымен шекарада. 8 шақырым жерде. Бүкіл ауыл тұрғындары Ресей Федерациясының сотовый операторларын қолданады. Біздің өзіміздің қазақстандық операторлардың интернеті ауыл аймақты қамтымаған. Осы мәселені шешіледі деп «Нұр Отан» партиясына келіп отырмын.

Ұзынкөл ауданында өткен көшпелі қоғамдық қабылдау «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Қабылдауға сексеннен астам адам келді. Олардың сауалдарына фракция мүшелері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері, мемлекеттік және құқық органдарының басшылары жауап қайырды. Көпшілік көтерген мәселе партияның жіті бақылауына алынды. Шалғай өлкеде дәрігер мамандар тапшы. Көшпелі қабылдау барысында ауыл тұрғындары медициналық тексеруден өтіп, дәрігер мамандарға қаралуға мүмкіндік жасалды.  

Жаңабай БИСИМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Аудан орталығына алғаш рет бізбен бірге облыстық аурухана дәрігерлері еріп шықты. Көшпелі медициналық бекетке бет алған көпшіліктің саны көп. Олар дәрігер маманға жүгініп, денсаулығын тексертіп, сырқаттың алдын-алу жөнінде кеңес алды.

З. Санай