Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Мектеп оқушыларының сабақ жүктемесі азаяды

AstanaTV
21.11.2018ж. 20:00
2801
Мектеп оқушыларының сабақ жүктемесі азаяды

Мектеп оқушыларының сабақ жүктемесі азайтылады. Ол үшін бес күндік оқу аптасына толық көшіп, үй жұмысын көлемін тағы да төмендету қажет. Сайлауалды бағдарламасын пысықтаған «Нұр Отан» Партиясы мәселені талқыланды. Депутаттар мектептерде тапсырма азайғанымен, оны орындауға кететін уақыт өзгермегенін айтты. Сондай ақ, оқу бағдарламасын сыйғыза алмай, қосымша пәндерді сенбіге қалдыру жиілеген.  

Бибігүл АСЫЛОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

Үй тапсырмасын орындау 2 сыныптар үшін 50 минуттан, 3-4 сыныптарда 70 минуттан, 5-6 сыныптарда 90, 7-9 сыныптарда 110, 10-11 сыныптарда 130 минуттан аспауы керек. Осы шара қабылданғаны нәтижесінде балалардың бос уақыты көбейе бастады. Қазір министрлік оқушылар мен мұғалімдер жүктемесін азайту бойынша заңға тағы өзгерістер енгізу үшін жұмыс істеп жатыр.

Отырыста мектептерді жан басына қаржыландыру жүйесі де қаралды. Бұл тәжірибе 5 мектепке енгізілді. Биылдан бастап Астанада 74 мектеп осы жүйеге көшті. Қаңтардан Алматы мен Шымкент мектептері, ал 2020-жылы барлық білім ошақтары жан басына қаржыландыруға көшеді.  

А. Сейфулла