Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мұнай бағасы құлдырады

AstanaTV
21.11.2018ж. 20:00
2431
Мұнай бағасы құлдырады

Мұнай бағасы күрт құлдырады. Биылдыққа бірінші рет қара алтын баррелі 62 долларға дейін арзандады. Осылайша, «Brent» бағасы тоғыз айлық минимумға түсті. Ал, WTI маркасы 7,5% - ға төмендеп, барреліне 52 долларды құрады. Сарапшылар бағаның күрт құбылуы қатпарлы мұнай өндірісінің өсуімен байланыстырады. АҚШ-та отын қоры артқан. Және Иранға салынған «Жұмсақ» санкциялар да отқа май құя түскендей. Салдарынан нарық артық өнімге толып кетті. Бұған «ОПЕК+» мұнай өндірісін шектейді деген әңгіме де тосқауыл бола алмаған сияқты. Оған қоса Қытай мен АҚШ-тың сауда соғысы дегенмен әлімдік экономиканың дамуына тежеу болып тұр. Ал, бүгін елде АҚШ доллары 370 теңгеден саудаланып жатыр.  

Ә. Өмірзақ