Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қызу талқылануда

AstanaTV
22.11.2018ж. 20:00
3993
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қызу талқылануда

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында нақтыланған шаралар ойдағыдай жүзеге асырылса, Ұлттық музей жәдігерлерінің қатары толығуы мүмкін. Бұл жайында аталмыш мақаланы талқылаған музей ғалымдары айтты. Мұражай қызметкерлері шараға елімздің өзге де ғылымыи зерттеу институттарының мамандарын шақырған екен. Солардың бірі Еуразиялық интеграция институтының қызметкері Арман Ешмұратовтың айтуынша, Елбасы мақаласында айтылған жылқыны қолға үйрету туралы ойы әлі түбегейлі зерттелмеген сала. Оның маңыздылығын терең түсіндіретін ғылыми еңбектер әлі де жеткіліксіз көрінеді. 

Арман ЕШМҰРАТОВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚЫЗМЕТТЕР ЖЕТЕКШІСІ: 

Атқа міну мәдениеті енді ең басты цивилизцияларды өркениеттерді бір біріне таныстырып, содан кейін Ұлы Жібек жолының дамығаны да бір жағынан атқа міну цивилизиясының арқасында. 

Ұлы Жібек жолы демекші, музей қызметкерлері жуырда ғана Самарқанд қаласында ЮНЕСКО деңгейінде ұйымдастырылған форумнан оралған екен. Ол жерде халықаралық ұйым Орта Азия елдерінің тарихын терең зерттеуді ұсыныпты. Әсіресе, оларды осы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің тарихы қызықтырады екен. Ұйымның жоспары-Президенттің мақаласындағы түркі әлемін жаханға паш ету туралы ойымен тұспа тұс келеді,-дейді ғалымдар. 

Жаңагүл ӘБСЕМЕТОВА, ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДІҢ ҒЫЛЫМИ ХАТШЫСЫ:   

Әрқайсысы өзінің елінде болып жатқан, мына ашылып жатқан тарихтың жаңалықтарын көрсетуге құштар. Бәрінде де, соның ішіне мен де айттым, біз де Қазақстан да біздің ежелгі тариыхымызды көрсетеміз. Бұл жобаны қолдаймыз, көрсетеміз деп айттым.

Г. Тасболатқызы