«Ұлы даланың жеті қыры» дала өркениетінің рухани һәм мәдени мұрасын зерттеуге жол ашып берді. Президент мақаласына қатысты нұротандықтардың ортақ пікірі осыған саяды.
Нұрлыбек ОЖАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы мақалада айтылған негізгі бағыттардағы жұмыстарымызға, қарастырып отырған мүмкіндіктеріміздің барлығын айқындап, айшықтап бергені көңілге жақсы сенім ұялатады.
Ренат ҒИЛАЖЕВ, «ЖАС ОТАН» ЖҚ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Өз қақпасын айқара ашқан өзге елдерде көптеген жақсылық пен байлық бар,-дейді. Ал, шын мәнісінде қазба байлық та, рухани байлық та біздің елде. Сондықтан, жалпы ұлт болғаннан кейін, оның ішінде ұлт болашағы бүгінгі жастар болғаннан кейін өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды ұмытпаған жөн.
А. Бектас