Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ШҚО «Рухани Жаңғыру» бағдарламысы аясында биыл 5 археологиялық нысан зерттелді

AstanaTV
27.11.2018ж. 20:00
3403
ШҚО «Рухани Жаңғыру» бағдарламысы аясында биыл 5 археологиялық нысан зерттелді

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халыққа ұлттық идология төңірегінде берілген бағыт-бағдары іспетті. Қазақ халқының ұлттық код деген ұғымды түсініп, өзін тануды насихаттайтын мақаланы халық зиялылары саралап, өз пікірлерімен бөлісіп жатыр. Тағылымы мол мақалада ұлт тарихының бастауы, ұлы даланың өркениеті, түркі жұртының адамзат тарихына қосқан үлесі секілді маңызды мәселелер айтылды. Мақала тарихы терең түркі жұрты мен Ұлы даладан бастау алатын барлық ұлттар мен ұлыстарға арналған.  

Сергей ВИШНЯК, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Ол бұл мақалада біздің тұлғамыздың бірнеше қырын ашады. Біздің халық сол тұнған тарихтың жинақтаушысы. Ұлы даланың жеті қыры ол тек бастамасы ғана, біздің халықтың болмысы әлі де зерттеліп, зерделенуі керек.

Әнуарбек МҰХТАРХАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Биылғы жылы 5 археологиялық нысан зерттелді. Бұның барлығы біздің тарихымызды ары қарай зерделеу. Біздің тархимызда қазба байлықтарды Берел Шіліктінінің қорғаны мен Ереке сазындағы 5-ші «Алтын адамды» қарасаңыз, біздің бабаларымыз осыдан мыңдаған жыл бұрын мынау темірді маталлды шығару, қорыту оны өңдеу мәселелерін қолға алғаны.

Б. Рахметова