Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Н.Назарбаев бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарға ақыл-кеңесін айтты

AstanaTV
28.11.2018ж. 20:00
4514
Н.Назарбаев бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарға ақыл-кеңесін айтты

Қазақстанда жетімдер үйі болмауы тиіс. VIII Азаматтық форумда Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Жиын кезінде белгілі кәсіпкер елдегі жетімдер үйінің жұмысына шағымданып, Президенттен көмек сұрады. Қазақстанда бала асырауға жәрдемдесетін 12 шетелдік агенттік бар. Ал, қазақстандық ұйымдарға оны ашуға рұқсат берілмейді.  

Министрлердің баяндамасында айтыла бермейтін түйткілдерді Үкіметтік емес ұйымдардың көтеруі заңдылық. Соңғы бес жылда елге танылған «Ана үйі» жобасы жанынан екі жылдан бері бала асырағысы келетіндерге ақыл-кеңес беру орталығы құрылған. 5 мың адамға консултация беріп, 800 баланың құжатын рәсімдеуге көмектескен. Бірақ, бюрократялық кедергілер шаш етектен. Жоба жетекшісі Президенттен көмек сұрауға мәжбүр.  

Айдын РАҚЫМБАЕВ, «АНАЛАР ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:    

«Аналар үйі» жанынан баланы асырап алуға жәрдемдесетін үкіметтік емес Ұлттық агенттік құруға қолдау білдіруіңізді сұраймыз. Және жетімдер санын тезірек қысқарту үшін, балалар үйінің жұмыс жүйесін реформалауды бастау керек.

Ал, Президент «Жетімдер үйі болмауы керек»-дейді. Соңғы үш жылда олардың саны 24-ке азайып, 122-сі қалған. Қазір оны 7 мың бала паналайды. Мәселенің анық-қанығына жету үшін ортаға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев шақыртылды. Ол Рахымбаевтың ұсынысын қолдауға дәл қазір ерте дегенді меңзеді. Бірақ, мүмкін екенін айтты.  

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:  

Шамамен екі жылдан соң, балалар үйінде 3-3,5 мың адам қалады. Міне сол кезде бұл саланы үкіметтік емес секторға беруге болады. Бір айта кетері, соңғы 3 жылда бірде-бір бала шет ел асқан жоқ.

Айналадағы келеңсіздіктерге көз жұмбай, үн қосу, шешуге атсалысу азаматтық қоғамның басты критерийі болса керек. Бірақ, қазір басқа түспесе, мәселеге екінің бірі мән бермейді. Ақтөбелік Шахан 2007 жылы апатқа ұшырап, арбаға таңылған соң, қадам басқан сайын кедергіге ұшырайды. Жап-жас жігіт 4 жыл бұрын білек сыбанып, құрылыс кезінде ғимаратты мүгедектерге бейімдейтін компания ашқан. Қазір кәсіпкер.       

Шахан ЖОЛДАСБЕКОВ, ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕР: 

Осы үш жылдан аса мерзімде біз 50-ге тарта ғимаратты мүгедектерге бейімдедік. Ақтөбеде ғана емес, басқа да өңірлерді. Токпен жүретін жылжымалы көтергіш қондырғы шығаратын цех жұмысы жолға қойылды. Ол құрылыс талабы стандарттарына толық сәйке келеді.

Соңғы екі жылда елде Үкіметтік емес ұйымдарға көзқарас күрт өзгерді. Арнайы министрлік де құрылды. Биыл бюджеттен оларға 20 млрд теңге ақша бөлді. Аз емес. Бірақ, осы ұйымдардың есебіне әлі жете алмай отырмыз. Өйткені, мәліметтер Қаржы, Әділет және Қоғамдық даму министрлігіне қарайды. Сондықтан, барлық деректің басын қосып, ортақ портал құрылмақ. Белсенді ұйымдар тіркеледі. Қалғаны банкрот жариялайды. Президент қаржы бөлу мейілінше ашық болу керек деді. Және Үкіметтік емес ұйымдардан қашқақтамай, шенеуніктерді олардың үніне құлақ асуға шақырды. Жиында Нұрсұлтан Назарбаев елде ажырасудың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Және бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңесін айтты.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Потому что в школах не обучаем детей в старших классах о взрослении мужчины и женщины. Біз қазақтар ұят көреміз басқа елерде үйретеді. Байқаңдар деп. Ұят деп санаймыз да нағыз ұятқа қаламыз. В школах нам надо култьтивровать. Ничего стыдного в этом нет. Человеческое все это. Поэтому обращаю на это внимание.

Бүгінде елде 22 мың Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оларда жұмыс істейтін адам саны 0,3 пайызды құрайды, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10-15 пайызға жеткен.   

М. Дюсекина