Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Путин мен Трамп Буэнос-Айросте кездесуі мүмкін

AstanaTV
29.11.2018ж. 20:00
1990
Путин мен Трамп Буэнос-Айросте  кездесуі мүмкін

Путин мен Трамп Буэнос-Айросте өтетін G20 саммитінде кездесуі мүмкін. Бұл туралы Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков «Тасс» агенттігіне хабарлады. Келіссөз кезінде екі жақты қарым-қатынастан бөлек, Керчь бұғазындағы оқиға талқыға салынбақ. Әзірге екі тарап кездесетін орын мен уақытты ғана белгілеген. Ал, бұған дейін АҚШ Президенті Путинмен кездесуден бас тартуы да мүмкін екендігін айтқан. Мұндай ақпарат «New York Post» газетінде жарияланды. Кездесу болатынын не болмайтынын Украина мен Қара теңіздегі жағдай туралы есеп қолына тигенде ғана шешетінін айтқан. Айта кетейік, Керчь бұғазында екі ел арасында дау туған еді. Теңізде оқ атылып, Ресей Украинаны шекараны бұзды деп айыптады. Ал, Киев елде 30 күндік «соғыс жағдайын» жариялаған болатын.